СҰРАҚ-ЖАУАП:
“БЕЙІНДІК МАГИСТРАТУРА МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРАНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ”

Бұл сұраққа “ҚДСЖМ” ҚМУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Анара Николаевна Қасымбекова жауап береді.
– Бейіндік магистратура қолданбалы сипатқа ие, барлық пәндер мамандардың кәсіби даярлығын тереңдетуге бағытталған. Бейінді магистратурада оқуды сабаққа қатысудың міндетті шартымен жұмыспен (сабақтан бос уақытта сабаққа қатысудың міндетті шартын бұзбай) ұштастыруға болады. Оқу мерзімі-1-1, 5 жыл (мамандығына байланысты).
Егер сіз болашақта ғылыми-зерттеу қызметімен және оқытумен айналысуды жоспарласаңыз, онда сіз ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсуіңіз керек, өйткені осы бағыттағы білім беру жоспарларында ғылыми-зерттеу жұмысына, педагогикалық бағыттағы пәндерге көбірек сағат бөлінеді.
Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7771 780 76 67
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19 а, каб 201.
Сіздерді магистратура бағдарламаларында күтеміз!
Previous