АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ТЕГІН ҚАБЫЛДАУ

Кеше “ҚДСЖМ” ҚМУ базасында тәжірибелі медицина мамандары, кардиолог (Н.К. Ералиев) және терапевт (Г.Б. Отарбаева) еріктілер қозғалысы аясында Алматы қаласының тұрғындарын тегін қабылдады. Бұл күнге арнайы Алғыс айту күніне еріктілер қозғалысын өткізу жоспарланған болатын.
Іс-шара Алматы қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру, қоғамда әлеуметтік көмек пен мейірімділік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Профильді бағыттар бойынша (гинекология, урология, неврология, хирургия, травматология, нейрохирургия және т.б.) тегін кеңес бере отырып, осындай еріктілер қозғалысы келесі айларда өтеді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ барлығын Алғыс айту күнімен құттықтайды және барлық ниет білдірушілерді біздің білікті дәрігерлерден кеңес алуға шақырады. Медициналық ұйымдар мен медициналық жоғары оқу орындары ел игілігіне бағытталған осы еріктілер қозғалысын қолдайды деп үміттенеміз! Біз бірге әлемді жақсы жаққа өзгертеміз!
Кеше біздің дәрігерлерден 10-нан астам пациент кеңес алды.