«ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ» АТТЫ СЕМИНАР-САБАҚ

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Коворкингте «Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы «Медициналық профилактикалық іс» мамандығының 1 курс студенттерімен «Тиімді коммуникация» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Сабақ барысында коммуникация процесінің кезеңдері мен туындайтын кедергілері айтылды. Білім алушылар түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, тиімді коммуникация жасау дағдыларын меңгерді.