Алматы қаласында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өтуге ниет білдірген тестіленушілердің назарына!

Құрметті тестіленушілер!
2023 жылдың ақпан айында Алматы, Шымкент, Өскемен, Орал, Павлодар қалаларында QAZTEST жүйесі бойынша көшпелі сертификаттау тестілеуін өткізу жоспарланған. Тестілеуге қатысу үшін өтінімдер ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсетін “Болашақ” бағдарламасының үміткерлерінен, мемлекеттік басқару академиясына түсетін президенттік жастар кадр резервіне кандидаттардан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушыларынан және басқа да тілек білдірген жеке тұлғалардан қабылданады.
Тестілеуге қатысу үшін Сіз QAZTEST сайтында ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы өтінім қалдыра аласыз http://kazakhtest.kz/news/586082/
Әрі қарай, сіздің электрондық поштаңызға тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпараты бар хабарламалар жіберіледі.