«УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТЫ» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін “ҚДСЖМ” ҚМУ Ректоры Ботагөз Саитқызы Тұрдалиева “УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТЫ” ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың, ЖОО және ҒЗИ басшыларының, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі өкілдерінің және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті.
Конференция аясында спикерлер Қазақстанда сапалы білім мен ғылымды дамытуға бағытталған баяндамалар жасады, елде ғылымды дамыту үшін инвестициялар тарту, білім алушыларды жатақханалармен кедергісіз қамтамасыз ету және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Next