КІТАПХАНА ӘДЕБИЕТІМЕН ТАНЫСУДЫҢ ЕКІНШІ КӨРМЕ АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

2022 жылдың 5 желтоқсанынан 10 желтоқсанына дейін “ҚДСЖМ” ҚМУ университетінің ыңғайлы коворкинг кеңістігі бар кітапханасында кітапхана әдебиетімен танысудың екінші аптасы өтті.
Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кітапханашымен бірлесіп, университеттің кітап қорымен “Менеджмент. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару” және магистранттар мен докторанттарды электрондық деректер базасын пайдалануға оқытуды ұйымдастырды.