Құттықтаймыз!

“ҚДСЖМ” Қазақстан медициналық университеті “Медицина” мамандығының 2 курс магистранты – Касенова Маржанды “Ғылыми қызмет теориясының, әдіснамасының және практикасының өзекті міндеттері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына (27.11.2022 ж., Новосибирск) қатысуымен және ғылыми зерттеу нәтижелерін сәтті сынақтан өткізуімен құттықтайды.
Конференция қорытындысы бойынша біздің магистранттың “Амбулаториялық жағдайда қайталама бедеулігі бар бедеулік жұптарды тексеруді оңтайландыру” тақырыбындағы мақаласы жинақта жарияланды.
Бұл іс-шараны “Omega science” халықаралық инновациялық зерттеулер орталығы ұйымдастырды.
Қасенова Маржан ғылыми жетекшілерге, атап айтқанда Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлына және “ҚДСЖМ” ҚМУ басшылығына оқу мүмкінлігіне және одан әрі даму мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ жаңа жеңістер тілейді және біздің университеттің дамуына қосқан үлесі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді!
