“Мейірбике ісінің координаторларын даярлау” семинары, Астана қ.

2022-2023 жылдарға «Мейірбике ісіндегі білім, ғылым және тәжірибе үштұғырлығы» жол картасының «Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өңірлерінің мейірбике ісі координаторларын мейірбике ісі өзекті мәселелері бойынша оқыту» 2.2.4-тармағын жүзеге асыру аясында 14-18 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана қаласында “Мейірбике ісінің координаторларын даярлау” атты семинар ұйымдастырылды.
Басты оқытушы ретінде PhD, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі ҚМУ эпидемиология, дәледі медицина және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Смаилова Дариға Сансызбаевна шақырылды. Семинарда мейірбике ісі дамуы жөніндегі келесі өзекті мәселелер қозғалды: мейірбике ісі мамандарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, кеңейтілген/жалпы тәжірибелік мейірбикелердің жұмысына дәлелді мейіргерлік тәжірибені енгізу, Clinical Care Classification атты бейімделген мейіргер ісі тәжірибелік халықаралық классификаторын (мейіргерлік диагноздар және мейіргерлік араласулар), мейіргер қызметінің тарифтерін, клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтарын және мейіргер құжатнамасын енгізу.
ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурс департаментінің мейіргер ісі дамуын басқарудағы Бас эксперт Наурузбаева Айнагуль Серикбаевна мейіргер ісін ары қарай дамыту және мейіргер ісі саласындағы білім беру траекториясына сәйкес жоғары білім беру мақсатында ҚР ДСМ мейіргер ісі бойынша Координациялық кеңес ережесінің жобасын ұсынды.
