МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ. К. ТОҚАЕВТЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ

Бүгін “ҚДСЖМ” медициналық университетінде Мемлекет басшысының халыққа 2022 жылғы 01 қыркүйектегі “ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМ” жолдауы түсіндірілді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ даму жөніндегі проректоры, фарм.ғ. к. Елена Леонидовна Степкина өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың негізгі тезистері мен негізгі мәлімдемелерін баяндап берді.
Презентацияда Елена Леонидовна нақты реформаларға арналған әр бағыт бойынша ақпараттарды ұсынды:
1. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
2. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ
3. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
4. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ
5. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Ол Президенттің мемлекеттілікті қолдауға және нығайтуға, халқымыздың байырғы мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысының жолдауда қойған міндеттерін қолдады.