КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

2022 жылдың 23 қыркүйек айында «ҚДСЖМ» ҚМУ құрылғанына 25 жыл толуына және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасында келісімге қол қоюға байланысты «Global Health» Халықаралық Конгресі өтеді.
ҚАТЫСУҒА БАРЛЫҚ МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАР ШАҚЫРЫЛАДЫ!!!
КОНГРЕСС БАҒДАРЛАМАСЫ:
- ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
- «Global Health: Қоғамдық денсаулық сақтауды және медициналық көмек сапасын дамытудың перспективалары» конференциясы
- «Клиникалық медицина: басымдықтары және перспективалары» конференциясы
- «Фармация саласында Қазақстан мен шет елдердің интеграциясы» конференциясы
- «Клиникалық және зерханалық медицинаның интеграциясы» конференциясы
- «Медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру» конференциясы
Конгрестің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ ҮШІН:
- сайтта электрондық тіркеу формасынан өту https://ksph.edu.kz/ және Instagram профиль тақырыбында @kmu_ksph;
- қатысу нысанын таңдау (материалдарды жариялау, постерлік баяндама, тыңдаушы ретінде);
Халықаралық конгреске қатысу форматы офлайн және онлайн режимдерде көзделген. Конгресс қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.
Конгресс туралы ақпарат, хабарландырулар, бағдарлама және басқа да мәліметтер сайтта жарияланған https://ksph.edu.kz / «КОНГРЕСС» бөлімінде.
Конгресстің ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қ., Өтепов көшесі, 19а.
Өтетін күні: 23 қыркүйек 2022 ж.
Конгресті өткізу орны: Алматы қ., Оспанов к-сі 401, Royal Tulip қонақ үйі
Әкімшілік мәселелер бойынша: +7(727)3378028 / +7 (778) 359-35-03
+7(701) 671-33-71 /+7 (701) 537-12-96
Previous