БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2022 жылғы 21 мамырда “ҚДСЖМ” ҚМУ базасында “Ана өлімінсіз 22 жыл: тәжірибе алмасу” тақырыбында клиникалық базасы 3-деңгейдегі Гродненск клиникалық перинаталдық орталығы болып табылатын, ДДҰ “Балаға мейірімді денсаулық сақтауды ұйымдастыру”, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәртебесі бар Гродненск мемлекеттік медицина университетінің (Беларусь Республикасы) өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның модераторы, м.ғ.д., профессор Ботагөз Саитқызы Турдалиева алғы сөзінде дөңгелек үстел ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы білімді өзектендіру және арттыру, елдегі перинаталдық және аналық асқынулар мен өлімді төмендету мақсатында өткізілетінін атап өтті.
Шақырылған спикер – Гутикова Людмила Витольдовна, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, Беларусь Республикасы, ” Гродненск мемлекеттік медицина университеті” білім беру мекемесінің “Акушерия және гинекология” кафедрасының меңгерушісі, ағымдағы жылдың 16-21 мамыр аралығында Қарағанды қаласында медицина қызметкерлері арасында “Акушерлік және гинекология: акушерлік және гинекологиядағы анестезия және қарқынды терапия” тақырыбы бойынша бірқатар семинарлар өткізді.
Людмила Витольдовна өз баяндамасында жұмыс жүргізудің білім беру және ғылыми тәжірибесімен, Беларусь Республикасының акушерия мен гинекологиясын, перинаталдық қызметін дамыту бойынша жалпы көзқарасымен бөлісті. Спикер өз елінің перинаталдық өлім-жітім көрсеткіштері Еуропадағы ең үздік көрсеткіштердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелге университеттің қызметкерлері мен білім алушылары, сондай-ақ Алматы қаласы ҚДБ басшысы орынбасарының м.а. Н.М. Иманғалиева және Алматы қаласы ҚДБ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Г.З. Қалибекова белсенді қатысты. Баяндама мен пікірталас үлкен қызығушылық тудырды, дөңгелек үстелге қатысушылар оқу, ғылыми процесс және практикалық қызметке қатысты сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды, олар профессор Л.В. Гутниковадан толық жауаптар ала алды.
Естеріңізге сала кетейік, “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. “ҚДСЖМ” ҚМУ міндеттерінің бірі шетелдегі серіктестік бағдарламалары бойынша әртүрлі мамандықтағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
Дөңгелек үстел соңында тараптар визитинг-профессорларды шақыра отырып және Беларусь Республикасына шыға отырып Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру циклдерін өткізу бойынша әріптестікті жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Біліктілікті арттыру мәселелері бойынша Сіздерді келесі телефон номірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 727 337 69 05, 8 727 337 80 29 (вн. 148), 8 771 780 76 76.

