«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VІІ халықаралық ғылыми конференция қортындысы бойынша біздің докторанттардың баяндамалары үздік деп танылды.
Халықаралық конференцияны Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы Назарбаев қорымен бірлесіп 2013 жылдан бері өткізіп келеді.
Бұл жолы коронавирустық инфекцияның пандемиясына қарамастан конференция жоғары деңгейде өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау, биология, медицина және фармацияның өзекті мәселелерін талқылауға Ресей, Германия, Иран, Үндістан, Польша, Чехия, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның жас ғалымдары мен студенттері қатысты.
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің атынан конференция жұмысына университеттің докторанттары мен магистранттары қатысты. Сондай-ақ, пленарлық отырысқа құрметті қонақ және спикер ретінде “Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика” кафедрасының профессоры, PhD-доктор Глушкова Наталья Егоровна қатысып сөз сөйледі. “ҚДСЖМ” ҚМУ атынан барлығы 7 баяндама ұсынылды, оның ішінде 3 үздік деп танылды.
Баяндамалар тізімі:
1. «Антидопинговая программа в странах Центральной Азии на современном этапе» Глушкова Н.Е., Абдулла В.А.
2. «Вопросы скрининга рака шейки матки в Республике Казахстан» Глушкова Н.Е., Жетписбаева И.А.
3. «Роль информированности населения о вирусе папилломы человека в профилактике рака шейки матки (обзор)» Глушкова Н.Е., Касымбекова Ф.Д.
4. «Комплексная оценка рисков заболеваний шейки матки, вызванных вирусом папилломы человека» Аубакирова А.Б., Жетписбаева И., Арзықұлова А., Федянина Э.А., Глушкова Н.Е., Касымбекова Ф.Д.
5. «Эпидемиологические аспекты вирусного гепатита В,С среди людей живущих с ВИЧ» Глушкова Н.Е. Сакупова Г.А.
6. «Допинг в оздоровительно-рекреативном спорте» Глушкова Н.Е. Нысанбаева К.С.
7. «Отандық биогенді нанокристалды материалды стоматологиялық тәжірибеге енгізу үшін негіздеме» Досматова К.Р., Алтынбеков К.Д., Темірбаев М.А., Құрақбаев Қ.Қ.