Алғаш рет докторантураның 8D10141 – “Медицина” білім беру бағдарламасы бойынша Ғылыми-проблемалық комиссияның отырысы өтті
“ҚДСЖМ” қазақстандық медицина университетінде алғаш рет 8D10141- докторантураның “Медицина” білім беру бағдарламасы бойынша Ғылыми- проблемалық комиссиясы құрылды. ҒПК құрамына университеттің клиникалық кафедраларының қызметкерлері, практикалық денсаулық сақтау және басқа да медициналық ЖОО өкілдері кірді.
Ғылым және консалтинг департаменті барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Ғылыми-проблемалық комиссияның алғашқы отырысын өткізді.
Отырыстың күн тәртібінде 1 курс докторанттардың 1 диссертациялық жұмыстарының тақырыптары алдын ала талқыланды. Отырыс барысында докторанттардың болжамды зерттеулерінің проблемалық мәселелері анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Отырыстың мақсаты – диссертацияның сапасына тікелей әсер ететін зерттеу жұмысының келесі кезеңдеріндегі өзгерістер мен толықтырулардың алдын алу үшін диссертациялық жұмыстарды жан-жақты талқылау болды.
Ғылыми-проблемалық комиссияның өткізілген отырысының нәтижелері бойынша диссертациялық жұмыстардың тақырыптары Ғылыми кеңесте бекітуге ұсынылды.