Биылғы жылы әлем елдерінде және елімізде тараған COVID-19 пандемиясына байланысты оқыту үдерістері онлайн форматқа көшкені белгілі. Дегенмен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің білім алу мәселесі әрқашан басты назарда болғандықтан, медицина қызметкерлері білімі мен білігін офлайн түрде үздіксіз жетілдіруде. «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті карантин талаптарын сақтай отырып «Өлі туу, нәресте өлімі кезінде патологоанатомиялық сою, патологоанатомиялық диагнозды рубрификациялау қағидалары» және «Ана өлімі кезінде патологоанатомиялық сою, патологоанатомиялық диагнозды рубрификациялау қағидалары» тақырыбтарында біліктілікті арттыру курсын өткізді. Санитарлық ережелерге сәйкес дәріс кіші топтарда өткізілді. Барлығы 60 дәрігер қатысты.
Курстың мақсаты: сәбилер өлімінің статистикалық көрсеткіштерін, медициналық құжаттарды сыни талдау саласындағы кәсіби білімдерін, біліктері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету және жетілдіру бойынша мамандардың біліктілігін арттыру, бұл нәрестелер мен ана өлімі жағдайындағы клиникалық диагноз құрылымы туралы білімді жүйелеуді көздейді.
Курсты Алматы қаласы Патологоанатомиялық бюро директорының ғылыми қызмет жөніндегі орынбасары, профессор, 200-ден астам ғылыми/әдістемелік жұмыстардың авторы, дәрігер-патологоанатом САПАРҒАЛИЕВА АЙГҮЛ ДЮСЕКЕШҚЫЗЫ жүргізді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Fulbright Visiting Scholar Program степендиясының иегері (патологиялық анатомия кафедрасының профессоры).
Call орталық
+7 771 780 7676
+7 771 780 7667
E-mail: ksph@ksph.kz