ҚДСЖМ ҚМУ Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Арингазина Алтын Муафиковна 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ZOOM платформасында ASPHER Бас Ассамблеясына қатысты.
Бас Ассамблеяға Еуропа аймағының қоғамдық денсаулық сақтау мектептері қауымдастығына толық құқылы мүшелігі бар Еуропа елдерінің 59 өкілі, ТМД-дан тек Қазақстан мен Молдова қатысты.
Ассамблея делегаттары Президенттің, Директордың және Хатшылықтың есептерін, қаржылық есепті тыңдап, мақұлдады, қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау және ASPHER Президентін сайлау өтті, сондай-ақ болашақ сценарийдің дамуы мен басқа да маңызды мәселелерді талқылады. ASPHER қызметі білім беруді жақсарту және тәжірибе үшін де, зерттеу үшін де қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын даярлау арқылы қоғамдық денсаулық сақтаудың рөлін арттыруға бағытталған.