Бүгін біз әріптесіміз, докторант Арман Амангельдіұлы Сұлтановтың арамыздан бақиға аттанғаны туралы хабарды естіп есеңгіреп отырмыз.
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы және курстастары атынан біздің әріптесіміз, докторант Арман Амангелдіұлының жанұясына, туған-туысқандарына, әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Ол өмірге құштар, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын білімді әрі білікті маман еді.
Болашағы жарқын жас маманнан айырылып қалғанымызға әлі де сене алар емеспіз.