Туберкулез-бұл ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Туберкулез инфекциясының көзi бактериялар бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар болып табылады. Туберкулезбен ауыратын науқаспен күнделікті қарым-қатынаста, әсіресе нашар желдетілетін уй-жайда туберкулезді жұқтыру оңай. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болган адамдардың барлыгы ауырмайды. Туберкулездің пайда болуына тамақтану сапасы, улы өнімдердi тұтыну (темекі шегу, алкоголь тұтыну), ілеспе аурулар (АИТВ-инфекциясы, қант диабетi, тыныс алу органдарының аурулары), стресс және депрессия сияқты факторлар әсеp emeдi. Туберкулезбен ауыратын барлық науқастар бактерия бөлуші болып табылмайды. Туберкулезбен ауыратын науқастардың 6ip бөлігі сыртқы ортаға бактерия бөлмейді және айналасындағыларға қауіп төндірмейді.
Туберкулез туралы келесі белгілер айта алады: – жөтел немесе қақырық бөлінумен жөтелу, 2 аптадан астам; – тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы; – тәбеттің төмендеуі және болмауы, салмақ жоғалту; – тершеңдік, әсіресе түнде; – температураның 37-37,5 градусқа дейін шамалы көmepілуі,
Екі апта ішінде аталған белгілердің ең болмағанда 6ipeyi болған жағдайда, емханаға дәрігерге жугіну қажет. Туберкулезге кудіктенген жағдайда, пациенттен қақырықты зерттеуге алады және көкірек қуысы рентгенін жасайды. Туберкулездi екі сагат iшiндe анықтауга және емді бірден бастауға болады.
Балаларда туберкулезді ерте анықтау үшін Манту сынамасы мен Диаскин-тест қолданылады. Будан басқа, бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында (Алматы ц., Бекхожин қ-ci, 5) откізілетін Т- Spot жаңа әдіci енгізілді.
Уақтылы анықталган және eмдeyдi ұстанган кезде туберкулез толығымен емделеді. Қазақстанда туберкулездің микобактериясын бөлмейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін пациенттер амбулаториялық,тұрғылықты жері бойынша емханаларда ем алады. Бактерия бөлетін пациенттер туберкулезге қарсы диспансерлерде ем алады. Елімізде туберкулезді емдеу ушін әлемде колданылатын барлық туберкулезге қарсы препараттар қолжетімді. Қазақстан да жоғары muімдi болып табылатын және қысқа мерзімде толық емдеуге мумкіндік беретін туберкулезге қарсы препараттар енгізілген. Туберкулезден емделудің басты шарты емдеу курсы толық аяқталғанға дейін дәріні уздіксіз қабылдау болып табылады.
Бактерия бөлмейтін, емдеуге бейімділігі жоғары пациенттер туберкулезге қарсы ұйымның орталық дәрігерлік-консультативтік комиссиясы рұқсат еткен жагдайда, емханаларда ем қабылдай отырып, оқуын және жумысын жалгастыра алады. Бактерия бөлетін пациенттер емдеуді сәтті аяқтағаннан кейін туберкулезге қарсы ұйымның орталық дәрігерлік-консультативтік комиссиясының медициналық қорытындысына сәйкес оқуга немесе жұмысқа шығуга қуқылы.
Амбулаторлык емделудегі пациенттер ушін ақшалай жәрдемақы түрінде тұракты әлеуметтік колдау керсетіледі.
Ересек адамдарда туберкулезді ерте анықтау мақсатында жыл сайынғы мiндemmi флюорографиялық тексерулер жургізіледі. Балаларда туберкулездің алдын алу ушін БЦЖ вакцинасы пайдаланылады, ол балаларға омірінің eкіншi күш және 6 жаста қойылады. Балаларды туберкулезден вакцинациялау балаларды туберкулезбен жуқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды.
Туберкулез уақтылы анықталған және дұрыс емдеген кезде емделеді. Қазақстанда туберкулезді диагностикалау мен емдеу мулдем тегін.
Previous