Erasmus+ “Modernizing Health Education in Universities (ModeHEd)” жобасын аяқтау аясында Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор М. А. Камалиев профессор С. Стидекпен (Прагадағы Карлов университеті, Чехия), профессор Я. Мажерникпен (Кощицадағы Павел Йозефа Шафарик Университеті, Словакия), профессор Б. М. Маматкуловпен (Ташкент медициналық академиясы, Өзбекстан) бірлесіп “Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару” атты оқу құралын шығарды. Оқу құралының қағаз және электрондық нұсқалары оқу үрдісінде магистратура мен докторантурада қолданылады.