ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚДСЖМ» ҚМУ-да атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған университет басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Мерекелік іс-шараның ашылуы Елбасының өмірі мен еңбек қызметі туралы фильмді көруден басталды.
Салтанатты жиын барысында университет басшылығы университеттің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады.
ҚР Тұңғыш Президенті күні 2011 жылдан бері тойланып келеді. Сол жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.
Мереке күнін таңдаудың тарихи алғы шарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды — – алғашқы бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды.





