Қазақстан Республикасы Медициналық Ұйымдарының басшылары мен менеджерлеріне арналған "Community Health Worker" тақырыбына шеберлік сабағы
2019 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында 005 “Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау” бағдарламасы шеңберінде «ҚДСЖМ» ҚМУ бастамасымен және қолдауымен Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарының басшылары мен менеджерлері үшін «Community health worker» тақырыбында мастер – класс ұйымдастырылды және өткізілді. Шеберлік сабағының мақсаты денсаулық сақтау менеджменті мәселелері бойынша қазақстандық және қытайлық әріптестердің тәжірибе алмасу болды. Шеберлік сабағы барысында қатысушылар Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау жүйесімен: жалпы халықтық медициналық сақтандыру жүйесімен, ауруханалық менеджментпен және АМСК, оңалту, геронтология және ҚХР паллиативтік көмек ұйымдарының ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ Қытай медицинасындағы цифрландыру жүйесі егжей-тегжейлі зерттелді. Сондай-ақ қатысушылар Алматы қаласында орналасқан АПП және оңалтуды көрсететін жетекші медициналық ұйымдарға барды.


11.12.2019 жылы шеберлік сабағына қатысушылар «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығына барды. Қытай әріптесі Линь Цзиньчунь мырзаның «ҚХР-дағы оңалту және паллиативтік көмек» тақырыбындағы дәрісінен кейін Шэньчжэнь қаласы, ҚХР-ның оңалту орталықтарына барып, ҚХР мен ҚР-ның оңалту мәселелерін талқылады.


12.12.2019 жылы Қытай әріптестерінің: Линь Цзиньчунь және Ву ЧюЯнг «ҚХР-да БМСК» тақырыбына дәрістерінен кейін және ҚХР Шэньчжэнь қаласы әлеуметтік көмек орталықтарына барған қазақстандық әріптестерінің талқылауынан кейін, шеберлік сабағын Алматы қаласы №36 қалалық емхана базасында өткізді.


13.12.2019 жылы Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы базасында «Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының Ассоциациясы «Қазақстандық медициналық кеңес атқарушы директоры В. И. Ахметова, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ж. А. Мадеева және ҚР ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығының атташесі Мигуйсиеннің қатысуымен шеберлік сабағының қорытындысын талқылау және өткізу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шеберлік сабағына қатысушылары тәжірибе алмасуға, медициналық көмекті тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікірталасқа белсенді қатысуға, ҚХР мамандарынан сұрақтар қоюға және оларға толық жауап алуға мүмкіндік алды.




Шеберлік сабағының соңында «ҚДСЖМ» ҚМУ ҚББД директоры М. Д. Бримжанова ҚХР Шэньчжэнь қаласына сапар туралы баяндама жасады: ҚХР Денсаулық сақтау ерекшеліктері мен болашағы туралы.