Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен өңірлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерге барып орталық штаб құрылды. Штаб құрамына «ӨДСЖМ» ҚМУ профессоры Қ. Қ. Құрақбаев, М. Қ. Құлжанов кіреді. Университет қызметкерлері 6 облыс, Нұрсұлтан және Шымкент қалаларының аймақтық штабтарының құрамына енді.
Орталық штабтың міндеттері аймақтарға МӘМС дайындауға және енгізуге жәрдемдесуді ұйымдастыру (тәуекелдерді анықтау және проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу), өңірлік штабтар мен МӘМС қатысушыларына консультациялық-әдіснамалық көмек көрсету болып табылады.
2019 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында республикалық штаб мүшелері өңірлік штаб мүшелерімен бірге бірқатар медициналық ұйымдарға барып, олардың МӘМС енгізуге дайындығын зерттеді, жаңа жүйенің өзекті бағыттары бойынша медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Сапар қорытындысы бойынша аймақ әкімі орынбасарының қатысуымен өңірдің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды айқындай отырып, өңірлік штаб отырысы өткізілді.Бұдан әрі республикалық және өңірлік штабтар мүшелері туындаған мәселелерді шешуді қамтамасыз ете отырып, МӘМС енгізу мониторингін тұрақты негізде қамтамасыз ететін болады.


