Жұма күні, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Апат салдарынан 14 адам қаза тапты. Бортта 93 жолаушы, соның ішінде 3 нәресте, экипаждың бес мүшесі болған.
«ҚДСЖМ» Қазақтандық медицина университетінің ұжымы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың отбасына және жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біздің ұжым апат кезінде жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.