«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Digital Health Astana цифрландыру бойынша форумға қатысты
2019 жылдың 24-25 қазанында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Нұр-сұлтан қаласында Digital Health Astana көрмесі аясында медициналық білім берудегі стратегиялық серіктестік бойынша конференция өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған іс-шараға академиялық және практикалық орта, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық қауымдастық өкілдері қатысты. Конференция форматы еліміздің барлық медициналық қауымдастығын толғандыратын білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
«ҚДСЖМ» қазақстандық медициналық университеті Халықаралық технологиялық форумға қатысты, оған қатысушылар қазақстандық университеттердің мықты жақтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, даму перспективаларын анықтады, одан әрі стратегиялық серіктестік бойынша жоспарлар белгіленді.
Конференция барысында блогерлер арасында “Digital Health Astana” тақырыбы бойынша үздік жарияланым байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар: Жүсіпова Ақмарал (орыс тіліндегі үздік бейнеролик үшін) және Кеңесов Меңдіхан (қазақ тіліндегі үздік бейнеролик үшін). «ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры Ардақ Ауезова конкурс жеңімпаздарын естелік дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және ел игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тілек білдірді.
Конференция аясында Денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде медициналық білім саласындағы инновациялық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды. ҚР университеттері мен шетелдік стратегиялық серіктестер медициналық қоғамдастыққа өздерінің IT әзірлемелерін ұсынды, бұл 100-ден астам стартаптар, 20-дан астам шеберлік кластар.