24-25 қазанда Нұрсұлтан қаласының EXPO аумағында 2019 жылдың ірі сандық оқиғасы өтеді. Digital Health Astana жұмысының негізгі бағыты -денсаулық сақтау, ғылым, әлеуметтік сала.
Digital Health Astana көрмесі білім алмасу және жаңа іскерлік байланыстар орнату алаңына айналады, сандық әлемнің мүмкіндіктерін ашады және сандық идеяларды күнделікті өмірге енгізу барысындағы катализатор болады.
Бағдарламаның іскерлік бөлімінде 100 — ден астам спикер сөз сөйлейді деп жоспарлануда, оның ішінде – Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі, Олжас Әбішев, цифрландыру бойынша денсаулық сақтау вице-министрі және ҚР ЮНИСЕФ-ті басқарушы Артур Ван Дизен бар.
Іс-шараның басты мақсаты:
– Идеялармен алмасу және жемісті ынтымақтастық орнату үшін бизнес, жастар және мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасында “көпір” құру;
– Әртүрлі жастағы, әртүрлі әлеуметтік жағдай өкілдері үшін алаң ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар, медицина, ғылым және т. б. саласындағы соңғы әзірлемелерді көрсету.;
-Адам қызметінің түрлі бағыттары бойынша қарқынды курстарға арналған жол көрсетуші болу (мастер-класстар, коучи, сұхбат).
Анықтама көзі: https://profit.kz/news/56746/V-Nur-Sultane-projdet-mezhdunarodnaya-vistavka-Digital-Health-Astana/