Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының «Зерттеу жобаларын басқару» циклы
Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының «Зерттеу жобаларын
басқару» циклы «ҚДСЖМ» ҚМУ 2 жылдық оқу магистранттарымен жобаларды
қорғауымен аяқталды. Бұл цикл ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және сараптама
жүргізу саласында халықаралық тәжірибені енгізу бойынша білім мен дағдыларды
қалыптастыруға және ғылыми жобаларды үздік іске асыру мақсатында грант алуға өтінім
дайындауға арналған.
Цикл бағдарламасына жобаның логикалық матрицасы, жобаны басқару, жобамен
жұмыс істеу үшін тиімді команда құру және т.б. сұрақтар енгізілген. Тәжірибелік сабақтар
гранттық қаржыландыруға әртүрлі өтінімдерді жазу дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған. «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медицина» мамандықтары бойынша
ғылыми – педагогикалық бағыттағы магистранттар өз өтінімдерін дайындап, қорытынды
сабаққа ұсынды. Өтінімдер талқыланды, магистранттар шығармашылықты және
тұрғысынан ойлауды дамыту үшін өткізілген циклдің пайдалылығы мен маңыздылығын
атап өтті.