11 қазан Дүниежүзілік семіздікпен күресу күні (World Obesity Day) атап өтіледі.
Егер 20-30 жыл бұрын семіздік проблемасы салауатты өмір салтын ұстанатын және оның жетекші дәрігерлерінің, сондай-ақ диетолог дәрігерлерінің қатысуымен талқыланған болса, онда бүгінгі күні семіздік және артық салмағы бар адамдар санының өсуі жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен онкологиялық ауруларыме бірге қатарға қойылатын адамзат денсаулығына елеулі қауіп-қатердің біріне айналды.
Шын мәнінде семіздік – бұл адамның салауатты өмір салтының бұзылуының одан әрі асқынуына әкеп соқтыратын және басқа да маңызды аурулардың себебі болып табылатын салдарының бірі.
ДДҰ 1997 жылы семіздік жаһандық сипаттағы індетке ұласқан фактіні мойындады. Осы сәттен бастап дәрігерлер артық салмақ пен семіздік проблемасы туралы халықты ағарту бойынша қарқынды науқанды өткізіп, семіздікке әкелетін себептерді адамдарға түсіндіріп, семіздіктің салдары, сондай-ақ оның алдын алу шаралары мен емдеу тәсілдері туралы ақпарат береді.
Физикалық мәселелерден басқа семіздік көптеген кешендердің дамуымен байланысты психологиялық сипаттағы проблемалар да әкеледі, бұл адамның жүйке жүйесіне теріс әсер етеді.
Семіздіктің негізгі себебі аз қозғалыстан, дұрыс тамақтанбаудан және үнемі стресстік жағдайда жүргеннен салауатты өмір салтын дұрыс сақтамаудан болатыны бәріне белгілі.
Бұл күні дәстүрлі түрде бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау мекемелері профилактикалық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырады: лекция, семинар, көрнекі ақпараттар тарату. Семіздікпен күресуге байланысты мәселелер теледидар хабарының тақырыбына да айналған.