Дүниежүзілік көру күні (World Sight Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен қазанның екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Бұл күн зағиптық, көрудің бұзылуы және көру қабілеті бұзылған адамдарды оңалту мәселелеріне жаһандық назар аудару үшін күнтізбеде белгіленген. Дүниежүзілік көру күнін өткізуге осы мәселеге байланысты түрлі ұйымдар қатысады. Сондай-ақ, бұл күн ДДСҰ және зағиптық профилактикасы жөніндегі халықаралық агенттік құрған «Көру 2020: көру құқығы» зағиптық профилактикасы жөніндегі жаһандық бастаманың негізгі оқиғасы болып табылады.
Дүниежүзілік көру күні аясында көз ауруларының алдын алуға бағытталған ағартушылық және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Кейбір елдерде осы уақытта тұрғындар офтальмологтан тексеруден өтуге мүмкіндігі бар. Маманға барып көру қабілетін үнемі тексеру ең ерте кезеңдерде мүмкін болатын мәселелерді анықтауға, демек – алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға және үлкен мәселелерден құтылуға көмектеседі.
Сонымен қатар көз ауруларының алдын алу шаралары туралы да ұмытпау керек. Мысалы, дәрігерлер темекі шегуден бас тартуға кеңес береді, себебі никотин көзге қатты әсер етеді; теледидар алдында және электрондық ойындарды ойнауға аз уақыт бөлу керек; ал компьютермен жұмыс істеу кезінде заманауи монитор мен сапалы бағдарламаларды қолдануға кеңес беріледі.
Есте сақтаңыз, офтальмологқа тұрақты барып тұру және өмір сүрудің қарапайым ережелерін сақтау жақсы көру қабілетін ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі.
Previous