Жыл сайын 29 қазанда, бүкіл әлемде инсультпен (World Stroke Day) күресу күні
аталып өтіледі, ол осы ауруға қарсы дүниежүзілік күресте жедел белсенді іс-қимылдарға
шақыру мақсатында, 2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күрес ұйымы (World Stroke
Organization, WSO) белгілеген,
Бүгінде ұйымға 3,5 мыңнан астам жеке мүше және 85 елден 60-тан астам ұйым
кіреді. Бұл инсультпен күрес жөніндегі ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен қоғам, ДДҰ
мәліметтері бойынша, инсульт нәтижесінде бүкіл әлемде жылына 6,7 миллион адам көз
жұмады. Қантамыр ауруларына өлімнің жартысынан астамы келеді, егер жақында инсульт
негізінен 55-60 жастан асқан емделушілерде кездессе, қазіргі уақытта шамамен үштен бір
бөлігі еңбекке қабілетті (30-40 жас) жастағы адамдарға келеді.
Бұл күні медицина қызметкерлері мен оларға көмектесуші еріктілер тұрғындармен
жұмыс жасайды, қауіп факторларын жедел диагностикалайды. Дүниежүзілік инсультпен
күрес күні шеңберінде өткізілетін іс — шаралар мен бүкіл науқанның басты міндеті –
әлемдік қоғамдастықтың, ең алдымен жастардың инсульт мәселесі, алғашқы көмекті
дұрыс және уақтылы көрсетудің маңыздылығы (дәл осы уақытында көрсетілген алғашқы
көмек көптеген жағдайларда өмірді сақтауға ғана емес, мүгедектікті болдырмауға
көмектеседі) және әрине, алдын алу шаралары туралы хабардар болуын арттыру.