Білім беру жүйесін цифрландыру
28Мау, 2019
2019 ж. 26 маусымда Алматы қ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде «ҚДСЖМ» Қазақ ұлттық университетінің өкілдері «Білім
беру жүйесін цифрландыру» атты ақпараттық-практикалық семинарға
қатысты.
Аталған семинарда жоғары оқу орындарының бизнес-үдерістерін сандық
трансформациялау технологиялары, moocs.kz ұлттық платформасын дамыту
мәселелері талқыланды, Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесімен біріктіру
құралдары таныстырылды.