«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің өкілдерімен бірге Ректоры және Халықаралық ынтымақтастық және шет тілдер департаменті директорының м.а. Әзірбайжанның Баку қаласында 2019 жылғы 24-25 мамырда Khazar университетінде өткен «One Health» 2-ші халықаралық конференциясына қатысты. Конференция Khazar университетімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен, ӘҒҰА биофизика институтымен, Әзірбайжан медициналық университетімен және Әзірбайжан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференцияның негізгі тақырыбы — «Problems and their Solutions in One Health», ол Әзірбайжандағы іргелі зерттеулерден бастап «One Health» тәсіліндегі инновацияға дейінгі сыни маңызды сессиялардың кең спектрін қамтыды. Конференцияда «One Health» жаңа тәсілдері, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік стратегиясы, аурулармен күрес жүргізу және олардың алдын алу, саясат және «One Health» тәсілінің әлеуетін нығайту, Әзірбайжандағы адамдардан денсаулығы, жануарлар және қоршаған орта саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін презентациялар өткізіліп, тақырыптар талқыланды.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
- Эпидемиология, профилактикалық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау.
- Микробка қарсы препараттарға төзімділік.
- Экожүйелердің денсаулығы және инфекциялық аурулар.
- «One Health» шарасы.
Өзекті мәселелерді талқылаудан және тәжірибе алмасудан басқа, конференцияға қатысушылар басқа елдердің қатысушыларымен және сарапшыларымен жаңа серіктестік байланыстарды орнатуға керемет мүмкіндік алды.