«Халықтың денсаулығын қорғау: БМСК-дағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2019 жылғы 22 мамырда Ақтөбе қ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің қатысуымен «Халықтың денсаулығын қорғау: БМСК-дағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын мемлекетіміздің басты байлығы деп атады. – Алғашқы көмек адамдарға барынша жақын болуы керек. Сапалы медициналық қызметтер толық көлемде тұратын жеріне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болуы тиіс. Бұдан басқа, таяу жылдары қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды саланы қаржыландырудың жалпы көлемінің 60% – ына дейін ұлғайту қажет. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін алдын алу шығындары ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жетті, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
– Дәрігерлік мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мәселесін шешпей, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру міндетін іске асыру мүмкін емес. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жекелеген санаттарына, оның ішінде медицина қызметкерлеріне еңбекақы 30% – ға дейін арттырылады. Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерге мамандарды даярлау сапасы бойынша талаптарды күшейту қажет, тек теориялық база ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды жасау да маңызды. Сондықтан аймақтық клиникалардың бір бөлігін медициналық жоғары оқу орындарына беру керек. Ірі қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент жоғары технологиялар медицинасының орталығына айналуы тиіс, – деп есептейді Қазақстан Президенті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында елдегі медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Ведомство басшысы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылатынын еске салды. Оның негізгі бағыттары — БМСК дамыту, жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту, емханаларда және т. б. кадрлар тапшылығын төмендету бойынша шаралар.
«Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бүкіл әлем үшін үлгі болып табылады және басқа мемлекеттермен зерттелуі тиіс. Қазақстан тарихы қырық жыл болатын Алматы декларациясын мақтан тұтады деп, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің Ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үйлестіру тобының мүшесі Павлос Теодоракис өз сөзінде Алматы декларациясына осындай баға берді.
«БМСК дамыту үшін Жол картасының бес негізгі бағыты бар: біріктірілген Денсаулық сақтау жүйесін құру, халық үшін алғашқы медициналық көмекті танымал ету және қол жетімділік, скрининг арқылы адамдардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, БМСК цифрландыру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық-санитарлық көмек және отбасылық медицина жөніндегі сарапшысы ретінде осы бес бағыт XXI ғасырдың Астана декларациясы мен талаптарына сәйкес медицинаның дамуына тікелей әсер ететінін атап өткім келеді. Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бүкіл әлем үшін үлгі болып табылады және басқа елдер бұған үйренуі тиіс», — деді П. Теодоракис.
Конференция халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін дамытудың жолдарымен бөліскен отандық және шетелдік мамандар мен сарапшылар үшін талқылау алаңына айналды.