Hong Kong Polytechnic University (PolyU) Гонконг политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу
Hong Kong Polytechnic University (PolyU) Гонконг политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу
2019 жылы 23 сәуірде «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде Азияның ең табысты, тез дамып келе жатқан және өршіл техникалық университеттерінің бірі Hong Kong Polytechnic University (PolyU) Гонконг политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Осы таңда, PolyU – обырға қарсы терапия, биохимия және жаңа препараттарды әзірлеу саласындағы ірі ғылыми зерттеулер орталығы.
Делегация құрамында – профессор David C. S. Li, қытай және екі тілді зерттеулер және кафедрасының меңгерушісі және CHAN Shui-Duen HK PolyU-да қытай және екі тілді зерттеулер кафедрасының профессоры
Кездесу барысында медициналық білім беру, дипломнан кейінгі білім беру және біліктілікті арттыру, бірлескен мастер-класстар мен тренингтерді, бірлескен ғылыми жобаларды өткізу және т. б. саласындағы әріптестіктің келешегі мен мүмкіндіктері талқыланды.