«Үздіксіз медициналық білім беруді интернационалдандыру» III Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы аясында «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының автономиясы моделіне» атты дөңгелек үстел.
2019 жылғы 26 сәуірде «Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м. ғ.д. Арингазина Алтын Муафиковна «Үздіксіз медициналық білім беруді интернационалдандыру. Болашаққа көзқарас» III Халықаралық ғылыми-білім беру» конференциясы аясында «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының автономиясы моделіне» атты дөңгелек үстелде қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының медициналық білім беру көшбасшыларының және шетелдік мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды. Сұхбат алаңында Қазақстан мен шет елдердегі университеттік автономия мәселелері талқыланды. Қатысушылар университеттік автономияның барлық түрлерінің: ұйымдастырушылық, кадрлық, академиялық және қаржылық мәселелерін талқылады. Шетелдік әріптестер университеттерінің тәжірибесі дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары арасында қызу қызығушылық тудырды.
Дөңгелек үстелді өткізу Эразмус+ «TRUNAK – Қазақстанда университеттік автономияға көшу» жобасының ағымдағы нәтижелерінің таралуына ықпал етті.