«ҚДСЖМ» ҚМУ Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д. Алтын МуафиковнаАрингазинаның 2019 жылғы 12-13 наурызда Ирландияның Дублин қаласында популяциялық және ұйымдастырушылық деңгейде (M-POHL) денсаулық мәселелері бойынша сауаттылықты өлшеу бойынша іс-әрекеттер желісінің кеңесіне қатысуы
«ҚДСЖМ» ҚМУ Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Арингазина Алтын Муафиковна денсаулық мәселелері бойынша сауаттылықты өлшеу бойынша алдағы жобаның негізгі зерттеушісі ретінде 2019 жылғы 12-13 наурызда Ирландиядағы Дублин қаласында өткен іс-әрекет желісі (M-POHL) кеңесіне қатысты. Дублиннің Университеттік колледжінде осы маңызды кеңеске ДДСҰ сарапшылары, саяси көшбасшылар, Еуропа, Қазақстан, Ресей және Израильдің 22 елінің жетекші шетелдік университеттерінің өкілдері қатысты. Сол елдерден келген делегаттар денсаулық мәселелеріндегі сауаттылықты өлшеу бойынша алдағы Еуропалық жобаның хаттамасы мен құралдарын талқылады. Жұмыс топтары медициналық ұйымдар контексінде денсаулық мәселелерінде сандық және навигациялық сауаттылықты өлшеу саласындағы бағыттар бойынша нәтижелер көрсетті.
Жиынның ұйымдастырушылары мен еларалық жоба үйлестірушілері – Австрияның Денсаулық сақтау министрлігі басқаратын Халықаралық үйлестіру орталығы, ол жоғары деңгейді, стандарттар мен жұмыс қарқынын көрсетті.