«Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының заманауи мәселелері:
жастар денсаулығы – ұлт денсаулығы»
«ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы 2019 жылы 5 сәуірде аль-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің 85 жылдығына және ҚР-да жастар жылына арналған «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының заманауи мәселелері: жастар денсаулығы – ұлт денсаулығы» атты III Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.
Кездесуде қазіргі таңдағы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау, нашақорлық және жастар арасында АИВ-ЖПИЖС-ның таралуы сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Конференция аясында «Ғылымның жаһандануы, мәселелері мен болашағы» тақырыбында пікірталас клубы өткізілді.