Шэньжень Университетінің гранттарын тағайындауға тіркеу және іріктеу мәселелерін талқылау
Шэньжень Университетінің гранттарын тағайындауға тіркеу және іріктеу мәселелерін талқылау
2019 ж. 6 наурызда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде «ВШОЗ» профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың «Бір белдеу – бір жол» Қауымдастығының Бас хатшысы Қарлығаш Минжасаровамен кездесуі өтті. Кездесу Шэньжэнь университетінің докторантурасында білім алу үшін гранттар беру мәселелерін талқылауға арналды (https://ksph.edu.kz/?p=6200).
Кездесу барысында Шэньжэнь университетінің (ҚХР) Ғылыми денсаулық орталығымен бейне-конференц-байланыс сеансы ұйымдастырылды, оның шеңберінде магистранттар мен докторанттар ПОҚ-тан, жоба үйлестірушілерінен, соның ішінде ғылыми денсаулық орталығы директорының орынбасары XU XINGZHI мырзадан қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.