ЖОО кейінгі даярлық бағдарламалары бойынша қабылдау үшін алдын ала іріктеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша ақпарат
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті магистратура және докторантура бағдарламаларына түсуге тілек білдірген талапкерлер!
Назар аудрыңыз!
2019 жылы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бағдарламалары (резидентура, магистратура, докторантура) бойынша қабылдау кезінде денсаулық сақтауды саласының даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімі бойынша
алдын ала іріктеу нәтижелері өзара мойындау мәртебесіне ие болады.
Алдын ала іріктеу жүргізу бойынша
магистратураға және докторантураға қабылдау бойынша ақпарат
- Магистратураға түсу кезеңдері
Магистратураға түсетін азаматтар келесілерден өтеді:
1) алдын ала іріктеу (2019ж. 31.03. міндетті түрде);
2) таңдау бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) түсу емтиханы
немесе TOEFL ITP; TOEFL IBT; TOEFL; IELTS; DSH; TestDaF-Prufung; TFI; DELF; DALF; TCF болуы тиіс.
3) мамандық бойынша қабылдау емтихандары.
- Докторантураға түсу кезеңдері
Доктарантураға түсетін азаматтар келесілерден өтеді:
- алдын ала іріктеу (2019ж. 31.03. міндетті түрде);
- халықаралық сертификаттың болуы;
3) мамандық бойынша қабылдау емтихандары.
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуды аяқтаған және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
I Магистратураға алдын ала іріктеуден өту үшін:
онлайн режимде сканерленген және нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну (e.mail: a.imasheva@ksph.kz; gayhar_05.95@mail.ru; ұялы тел.: +7 (747) 877-95-04).
- ЖОО Ректорының атына өтініш (1-қосымша).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі + диплом қосымшасы.
- Жоғары білімі туралы дипломы жоқ тұлғалар оқу орнынан анықтама ұсынады.
- Ғылыми журналдардағы және еңбек жинақтарындағы жарияланымдар (бар болса).
- Конференцияларға және көрмелерге қатысу (бар болса).
- Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу (бар болса).
- Дипломдар, марапаттар және сертификаттар (бар болса).
- Денсаулық сақтау саласын дамыту туралы таңдалған тақырыпқа эссе (3 беттен артық емес).
Емтихан комиссиясының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған, магистратураға түсудің барлық кезеңдерін сәтті өткен және #кмувшоз хештегін көрсете отырып Facebook әлеуметтік желісінде эссе жариялаған талапкерге «ҚЖСЖМ» Қазақстандық медициналық университеті жоғары оқу орныішілік тегін оқуға грант береді.
Қосымша ақпаратты Сіз +7(727) 337-80-32; +7(727) 337-80-18 (ішкі 103) нөмірлері бойынша ала аласыз.
Көп лайк жинаған және репост жасаған адамдарға мамандық бойынша қабылдау емтиханы бойынша тегін қашықтан оқу курсы ұсынылады.
Әлеуметтік желіде эссе жарияламаған тұлғалар қабылдау емтиханына дайындық бойынша қашықтықтан оқу курсынан ақылы түрде өтеді (20 000 мың теңге).
Қабылдау емтихандарына дайындық бойынша қашықтықтан оқу курсынан өту үшін талапкерге MOODLE жүйесіне кіру үшін жеке логин мен пароль беріледі. Алдын ала іріктеуден өткені туралы Сертификат қолына беріледі.
Медициналық мамандықтар бойынша магистратураға шет тілінен қабылдау емтиханын және кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) өткізеді.
Шет тілінен қабылдау емтиханының және кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификат беріледі.
Магистратураға шет тілінен түсу емтиханы және кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) айқындайтын қабылдау емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.
Қабылдау емтихандарын және кешенді тестілеуді тапсыру жылында қайта тапсыруға жол берілмейді.
Мамандық бойынша емтихан билет жүйесі бойынша ауызша емтихан түрінде өткізіледі.
Мамандықтар бойынша тқабылдау сұрақтары университеттің ресми сайтында қабылдау емтихандарының басталуына бір ай қалғанда жарияланады.
Ауызша емтихан баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады (3 қосымша).
II Докторантураға алдын ала іріктеуден өту үшін:
онлайн режимде сканерленген және нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну (e.mail: a.imasheva@ksph.kz).
- ЖОО Ректорының атына өтініш (2-қосымша).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі + диплом қосымшасы.
- Жоғары білімі туралы дипломы жоқ тұлғалар оқу орнынан анықтама ұсынады.
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).
- Ғылыми журналдардағы және еңбек жинақтарындағы жарияланымдар (бар болса).
- Конференцияларға және көрмелерге қатысу (бар болса).
- Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу (бар болса).
- Дипломдар, марапаттар және сертификаттар (бар болса).
- Жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспар-бағдарламасы.
- 11. Денсаулық сақтау саласын дамыту туралы таңдалған тақырыпқа эссе (3 беттен артық емес).
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады.
– ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm -Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кем дегенде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), өту балы – кем дегенде 87), (TOEFL (ТОЙФЛ) өту балы – кем дегенде 560 балл), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), өту балы – кем дегенде 5.5);
– неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/уровень C1), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/уровень C1);
– француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), уровень B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кем дегенде 400 балл).
Ұсынылатын сертификаттардың нақтылығы ЖОО қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
Қабылдау емтихандары билет жүйесі бойынша ауызша емтихан түрінде өткізіледі. Мамандықтар бойынша қабылдау сұрақтары қабылдау емтихандары басталғанға дейін бір ай бұрын университеттің ресми сайтында жарияланады.
Ауызша емтихан баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады (3 қосымша). Әлеуметтік желіде эссе жарияламаған тұлғалар түсу емтиханына дайындық бойынша қашықтықтан оқу курсы ақылы түрде өтеді (20 000 мың теңге).
Алдын ала іріктеудің «өтті» және «өтпеді» қорытындысы бар сертификат қолына беріледі.
Алдын ала іріктеуден өткені туралы сертификаты жоқ тұлғалар қабылдау емтихандарына жіберілмейді.
6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» және 6М110100 – «Медицина» мамандықтары бойынша магистратура:
– бейінді бағыт (1 оқу жылы), МВА бардарламалары (1,5 оқу жылы) басқару дағдыларын дарытуға, Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарды және денсаулық сақтаудың кәсіби менеджерлерін даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертациясын қорғаған тұлғаларға «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.;
– ғылыми-педагогикалық бағыттағы (2 оқу жылы) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және қоғамдық денсаулық сақтау саласында терең ғылыми-педагогикалық даярлығы бар ғылыми-зерттеу секторы үшін жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асырады. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертациясын қорғаған тұлғаларға «медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
Келесі мамандық бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін талап етілетін білім деңгейі:
6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 5B130100 – «Жалпы медицина», 040100 – «Емдеу ісі», 040200 – «Педиатрия», 040600 – «Шығыс медицинасы», 5B130200 – «Стоматология», 5В110100 – «Мейіргер ісі», 5В110300 – «Фармация», 5В030100 – «Құқықтану», 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051300 – «Әлем экономикасы» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
6М110100 – «Медицина» – 5B130100 – «Жалпы медицина», 040100 – «Емдеу ісі», 040200 – «Педиатрия», 040600 – «Шығыс медицинасы», 5B130200 – «Стоматология», 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
Ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттағы 6D110100 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура (3 оқу жылы) терең білім алуға, сондай-ақ тиісті ғылым саласында PhD докторы және философия PhD жокторының ғылыми дәрежесін алуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыруға қосымша гранттар алуға мүмкіндік береді.
6D110100 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураға түсетін тұлғалар үшін талап етілетін білім деңгейі:
6М110100 -«Медицина», 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110300 – «Мейіргер ісі», 6М110400 – «Фармация», 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс», 6М110600 – «Денсаулық сақтау саласының менеджменті», 6М050600 – «Экономика», 6М050700 – «Менеджмент», 6М051300 – «Әлем экономикасы», 6М030100 – «Құқықтану»мамандықтары бойынша магистратура және барлық мамандықтар бойынша резидентура.
Previous