Dr João Breda «Инфекциялық емес ауруларды басқару тәжірибесі, сабақтары, болашағы. Ауыртпалықты төмендету. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің ИЕА алдын алудағы рөлі» дәрісі
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесе отырып, Тамақтану, дене белсенділігі және семіздік мәселелері жөніндегі бағдарлама жетекшісі, ДДСҰ ИЕА-мен күрес жүргізу жөніндегі кеңсесінің басшысы Dr João Breda «Инфекциялық емес ауруларды (ИЕА) басқару тәжірибесі, сабақтары, болашағы. Ауыртпалықты төмендету. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің ИЕА алдын алудағы рөлі» дәрісіне қатысуға шақырады.
Өткізу отрны: «ҚДСЖМ» ҚМУ, №8 ауд.
Өткізу күні: 2019 ж. 23.02.
Тіркелудің басталуы: 09:30.
Магистранттар, докторанттар, ПОҚ, барлық қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.
Қысқаша анықтама:
Тамақтану, дене белсенділігі және семіздік мәселелері жөніндегі бағдарлама жетекшісі, ДДСҰ ИЕА-мен күрес жүргізу жөніндегі кеңсесінің басшысы Dr. João Breda қоғамдық денсаулық сақтау саласында магистр дәрежесі (University of Lisbon университетінің медициналық ғылымдар факультеті) және іскери басқару магистрі (EU Business School Barcelona) дәрежесі бар. Porto University тамақтану туралы ғылымдар саласындағы ғылым докторы, ол университетте алклголь мен жастарға арналған диссертация қорғады.
2010 жылы ДДҰ-ға келгенге дейін Португалияның Бас денсаулық сақтау басқармасында қоғамдық денсаулық сақтау бойынша маман ретінде және Денсаулық сақтау министрлігінің басқа да мекемелерінде жергілікті және ұлттық деңгейде тамақтану, дене белсенділігі, семіздік және алкогольді асыра пайдалану мәселелері бойынша жұмыс істеді.
Осы лауазымдарда ол ДДСҰ мен ЕО-мен тығыз қызмет етті. 2007 жылы ДДҰ-мен бірлесіп Португалиядағы балалар семіздігін эпидемиялық қадағалау жөніндегі ДДҰ Еуропалық бастамасының бірінші отырысы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта бастама әлемдегі бірегей ұйым болып табылады және Еуропа аймағына мүше 36 мемлекеттің 300 000-нан астам балаларын қамтиды.
Академик ретінде João Breda Atlantic University (Lisbon) тамақтану туралы ғылымдар кафедрасын басқарды, Algarve University, Coimbra Ауыл шаруашылығы колледжі және Coimbra қонақжайлылық мектебімен белсенді жұмыс істеді. Португалияда нәресте-балалардың тамақтануы туралы бестселлер-кітабы, бірнеше ондаған жарық көрген ғылыми жұмыстары, кітаптары бар.
Previous