“Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг” семинары
ҚР ДСМ қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «Ұлттық медицина университеті» АҚ, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ, малайзия мен Қазақстанның медициналық білім беру саласындағы мамандарының қатысуымен «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркинг» тақырыбында өткізетін халықаралық семинарына қатысуға шақырады.
Білім беру сапасы еліміздің саясатының басым бағыты болып табылады, бұл ретте медициналық білімге ерекше назар аударылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау мәселесі бүкіл әлемде ерекше маңызға ие және өзектілікке ие болады, өйткені медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық көмекке қанағаттанушылыққа, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне тығыз байланысты.
Семинар жұмысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ДДСҰ сарапшылары, Малайзия, Қазақстанның медициналық білім саласындағы мамандар, сонымен қатар ЖОО және ғылыми орталықтардың қызметкерлері қатысады.
Жетекші спикерлер:
- профессор PhD Vishna Devi Nadaraja, International Medical University «IMU» академиялық проректоры, Малайзиия Халықаралық медицина университетінің (International Medical University «IMU») Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық пікір-сайыс бойынша кеңесшісі,
- доктор PhD Azizi Ayob, IMU медицина факультеті деканының орынбасары, фармакология профессоры және Малайзиялық біліктілік агенттігінің (MQA) медициналық бағдарламаларды аккредитациялау бойынша топ мүшесі.
Семинар аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Өткізу күндері: 04.02.2019 – 06.02.2019
Ұйымдастырушылары: «ҚДСЖМ» ҚМУ» ЖШС, «Ұлттық медицина университеті» АҚ, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ.
Өткізу орны: Алматы қ., 050013, Байтұрсынов к-сі, 139 «Garden Park Inn» қонақ үйі, 2-қабат, конференц-зал
Телефондары: +7 (727) 337 80 18, +7 (727) 337 69 05,
Семинарда қатысу құны – 25 000 теңге
Банктік деректемелері:
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті
Заңды және нақты мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, Өтепов к-сі, 19 а,
БСН: 011240001712
БСК: HSBKKZKX
ЖСК: KZ136010131000177028 (KZT)
ЖСК: KZ836010131000177029 (RUB)
ЖСК: KZ566010131000177030 (UER)
ЖСК: KZ296010131000177031 (USD)
КБЕ: 17
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Семинарға тіркелу