2018 жылғы 17 қарашада «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Алматы қ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен ұйымдастырылған «International Education Fair 2018-2019» халықаралық білім көрмесінде қатысты.
Осы шараның мақсаты болашақта әлемдік білім кеңістігіне бірігу арқылы білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық перспективаларын кеңейту, шетелдік білімді әйгілендіру, сонымен қатар халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибемен алмасу болып табылады.
Көрмеде әлемнің 40 елінен 200-ден астам шетелдік ЖОО, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, континенталдық Еуропа, Азияның және басқа елдердің жетекші шетелдік университеттері, тіл мектептері және халықаралық шәкіртақылық бағдарламалардың өкілдері ұсынылды.