Hong Kong Polytechnic University (PolyU) Гонконг политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу
2018 жылғы 4 қазанда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде Азияның ең үздік, жылдам дамушы және техникалық университеттерінің бірі Hong Kong Polytechnic University (PolyU) Гонконг политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Делегация құрамында – Профессор Guohua CHEN, ғылым жөніндегі вице-проректор және профессор Raymond Wai-yeung Wong, қолданбалы ғылымдар мен техникалар факультететінің деканы.
Гонконг политехникалық университетінде техникалық мамандықтар факультеті, сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар факультеті бар, ол бес бөлім/мектептен құралады:
- Денсаулық сақтау технологиялар мен информатика департаменті
- Оңалту медицина кафедрасы
- Мейіргер ісінің мектебі
- Оптометрия мектебі
- Қолданбалы ғылымдар мен техникалар факультететі
Одан басқа, осы таңда PolyU – бұл обырға қарсы терапия, биохимия және жаңа препараттарды және т.б. шығару саласындағы ірі ғылыми зертеулер орталығы болып табылады.
Кездесу барысында одан ары бірге қызмет ету перспективалары мен медициналық білім беру, дипломнан кейінгі білім беру және біліктілікті арттыру саласында серіктестік мүмкіндіктері, бірлескен мастер-кластар және тренингтер, бірлескен ғылыми жобалар және т.б. өткізу мәселелері талқыланды.