«Сырты сараптау тобын оқыту және есептерді дайындау» атты жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференция
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің өкілдері Астана қаласында Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен 2018 жылғы 15 қазанда өткізілген «Сырты сараптау тобын оқыту және есептерді дайындау» халықаралық конференциясында қатысты.
Конференция спикері ретінде төмендегі тақырыптарға баяндама жасаған Франция, Бельгия, Испания, Армениядан келген шетелдік сапаршылар сөз алды:
- «Испанияда докторантураның білім беру бағдарламасының сапасын ішкі қамтамасыз ету мысалы»;
- «Оқу нәтижелерін бағалау: сыртқы бағалау сарапшыларына арналған сын-тегеуріндер»;
- «Өзін өзі бағалау туралы есепті дайындау арқылы сапаны ішкі қамтамасыз етуден бастап сапаны сыртқы қамтамасыз етуге дейін: Франция ЖОО тәжірибесі»;
- «Франциядағы сапаны сыртқы қамтамасыз ету: HCERES тәжірибесі» (HCERES – Зерттеулер мен жоғары білімді бағалау бойынша жоғарғы кеңес);
- «Сарапшыларды оқытудағы ANQA тәжірибесі» (ANQA – Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ұлттық орталық (Армения).
Өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасудан басқа, конференция қатысушылары басқа қатысушылар және сарапшылармен жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.