2018 жылғы 28 тамызда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде «Бір белдеу, бір жол» Шэньчжэнь қ. (Қытай) Халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының Бас хатшысы Минжасарова Қарлығашпен кездесу өтті.
Осы қауымдастық Қытайдың қатысуымен өзара әрекет етудің қолданыстағы аймақтық екі жақты және көп жақты механизмдері мен құрылымдарын нығайту көмегімен халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа үлгісін іздеуімен, қалыптастыруымен және алға жылжытуымен айналысады. «Бір белдеу, бір жол» қауымдастығы аймақтық экономикалық серіктестіктің жаңа механизмдерін өңдеуге, тартылған елдердің экономикалық өркендеуін ынталандыруға, мәдени алмасуды және түрлі өркениет арасындағы барлық салаларда байланысты нығайтуға, сонымен қатар бейбітшілік пен тұрақты дамуға ықпал етуге шақырады. Осы таңда Қауымдастық экономика, бизнес, медицина, білім және т.б. өзекті мәселелері бойынша әлемнің 121 елімен жұмыс істейді.
Кездесу барысында болашақ ынтымақтастық перспективалары мен медициналық білім, дипломнан кейінгі білім және біліктілікті арттыру саласында, бірлескен мастер-кластар, тренингтер өткізу және т.б. саладағы серіктестікті дамыту үшін мүмкіндіктер талқыланды.