«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне Шығыс Финляндия Университетінің трансұлттық үйлестірушісі сапармен келуі
2018ж.11.07. «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне Шығыс Финляндия Университетінің трансұлттық үйлестірушісі Roseanna Avento сапармен келді.
Кездесу барысында серіктестік қатынастарды орнату және тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастық мәселелері, білім беру қызметі, ғылыми зерттеулер саласында, оның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған білім беру бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Шығыс Финляндия Университеті – Финляндияның ірі көпсалалы ғылыми университеттерінің бірі болып табылады, 100-ден астам мамандық бойынша білім береді. Университет құрамына төрт факультет кіреді: философия факультеті, табиғи ғылымдар мен орман шаруашылығы факультеті, денсаулық сақтау факультеті, қоғамдық және экономикалық ғылымдар факультеті. Шығыс Финляндия Университеті халықаралық ғылыми қауымдастығының белсенді қатысушысы болып табылады, осылайша ғылыми зерттеу жұмысының және білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.