Тақырыбы: қоғамдық денсаулық сақтау және медицина саласында эпидемиологиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесі.
Модератор: кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Нурбаев А.С., баяндаушысы: Phd докторанты, «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының оқытушысы Маханбеткулова Д.Н.
Отырыс пікірталас форматында өтті, жас зерттеушілерге арналған өзекті мәселелер талқыланды.Тыңдаушылар статистикалық зерттеу әдістемесі мен бағдарламаларымен және статистикалық зерттеулерді жүргізу әдістемесімен таныстырылды.
Отырыста барлығы «ҚДСЖМ» ҚМУ 10 жас ғалымы қатысты.
Қорытындысында, докторанттар эксперименттік, гигиеналық зерттеулерді жүргізуімен және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін талдауымен байланысты мәселелерді ойдағыдай шешу үшін қажетті білім алды.