«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті (ары қарай – «ҚДСЖМ» ҚМУ) 2018 жылғы 3 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылдау комиссиясының ЖОО кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдану үшін құжаттарды қабылдау бойынша жұмысы басталатыны туралы ақпараттандырады:
6М110100 – «Медицина» және 6М110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша магистратура:
— бейінді бағыт (1 оқу жылы), МВА бағдарламасы (1,5 оқу жылы) басқарушылық дағдыларды меңгеруге, қоғамдық денсаулық сақтау саласында жетекші мамандардың және денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджерлерінің даярлауын қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға «Денсаулық сақтау саласының магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.
—ғылыми-педагогикалық бағыт (2 оқу жылы) жоғары және ЖОО кейінгі жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласында тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ЖОО кейінгі кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға «Медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.
6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша оқуға қабылданатын тұлғаларға қойылатын білім талабы: 5B130100 – «Жалпы медицина», 040100 – «Емдеу ісі», 040200 – «Педиатрия», 040600 – «Шығыс медицинасы», 5B130200 – «Стоматология», 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс», 040800 –«Медициналық-биологиялық іс» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
6М110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша: 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 5B130100 – «Жалпы медицина», 5B130200 – «Стоматология», 5В110100 – » Мейіргер ісі», 5В110300 – Фармация», 040100 – «Емдеу ісі», 040200 – «Педиатрия», 040600 – «Шығыс медицинасы», 5B130200 – «Стоматология», 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс», 040800 – «Медициналық-биологиялық іс», 5В030100 – «Құқытану», 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051300 – «Дүниежүзілік экономика» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
6D110100 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыт (3 оқу жылы) терең білім алу мүмкіндігін, сондай-ақ тиісті ғылымдар саласында философияның доктор атағын алу үшін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қосымша грант алу және жетекші шетелдік ЖОО-да біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураға оқуға қабылданатын тұлғаларға қойылатын білім талабы:
6М110100 -«Медицина», 6М110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110300 — «Мейіргер ісі», 6М110400 — «Фармация», 6М110500 — «Медициналық-профилактикалық іс», 6М110600 — «Денсаулық сақтау менеджменті», 6М050600 — «Экономика», 6М050700 — «Менеджмент», 6М051300 — «Дүниежүзілік экономика», 6М030100 — «Құқықтану» мамандықтары бойынша магистратура және барлық мамандықтар бойынша резидентура.
Магистратура мен PhD-докторантураға оқуға қабылданатындар шет тілдердің бірінен және арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Барлық мәселелер бойынша ЖОО кейінгі білім беру департаментіне хабарласыңыз: тел.: + 7 (727) 337 80 18 (ішкі 103), e-mail: pdo@ksph.kz, ksph @ksph.kz, www. ksph.kz.
«ҚДСЖМ» ҚМУ Алматы қ, Өтепов к-сі, 19а мекенжайы бойынша орналасқан.
Ұзақ жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз!