«ҚДСЖМ» ҚМУ «Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Алтын Муафиковна Арингазина Түркияның Кушадасы қаласында 2018 жылғы 3-7 мамыр аралығында өткен 8-Медицина туризмі бойынша халықаралық конгресінде «The Best Paper Award» жүлдесімен марапатталды, ол жерде «Development of medical tourism in Turkey: comparative analysis» баяндамасын ұсынды.
М.ғ.д. А.М. Арингазинаның баяндамасы Халықаралық конгресінің Ғылыми комитетімен ерекше белгіленді.
Конгресс күндерінде АҚШ, Швейцария, Шотландия, Түркия, Иордания, Үндістан, Қытай, Бельгия, Өзбекістан, Түрікменстаннан келген спикерлер мен өкілдермен кездесулер өтті, елдерде табысты медицина туризмін ойдағыдай дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.