ДДСҰ сарапшысы, АҚШ Сент-Луис Университетің Фармакологиялық колледжінің профессоры, психология PhD Бретт Крейгтің «Коммуникация арқылы пациенттермен дәрігерлер берген нұсқауларлың орындалуын жақсарту және денсаулыққа қатысты тәртіпті өзгерту» халықаралық тренингі
2018 жылғы 29 мамырдан бастап 01 маусымға дейін «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің базасында ДДСҰ қаржылық қолдауымен «Коммуникация арқылы пациенттермен дәрігерлер берген нұсқауларлың орындалуын жақсарту және денсаулыққа қатысты тәртіпті өзгерту» тренингі өтті. Тренингті ДДСҰ сарапшысы, АҚШ Сент-Луис Университетің Фармакологиялық колледжінің профессоры, психология PhD Бретт Крейг өткізді. Тренинг “ҚДСЖМ” ҚМУ Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасымен ұйымдастырылды, оны Алматы қ. Бастапқы-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ Еуропа орталығының кеңесшісі Арольдас Юргутис ашты.
Тренинг қатысушылары ретінде басқарушылар, жалпы практика дәрігерлері, медициналық ЖОО оқытушылары, медбикелер, психологтар, Алматы қ. Және Қазақстан аймақтарының медицина ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері болады. Тыңдаушылардың жалпы саны – 55 адам.
Тренинг бағдарламасы көбінесе практикалық жұмыстан құралды, қатысушылар кішігірім топтарда қатысуға тартылды. Оқыту барысында рөлдік ойындарды пайдалау арқылы интерактивтік жұмыс форматы қолданылды. Денсаулық сақтау саласында тиімді әңгімелесуге кедергі ететін қиындықтарды анықтау мәселелері, сенімді өзара әрекет ету және қарым-қатынас құру, эмпатиялық тыңдау және әрекет ету, шиеленісті және дағдарысты жағдайларды шешу, медицинадағы кәсіпаралық коммуникациялар мәселелері талқыланды. Практикалық сабақтар пациенттердің агрессиялық тәртібінің себептерін түсуну, тәртіпті өзгертуге арналған коммуникация әдістері, кәсіптік күйіп кетуді болдырмау, шиеленістерді басқару, кәсіпқойларды қолдау, ынталандыру әңгімелесулерге бағытталған.
Медицина қызметкерлеріне және пациенттер арасындағы өзара әрекет ету медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жүйесіндегі шешуші элемент болып табылады. Тренинг тақырыбы практикалық денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылады, өйткені медицина қызметкерлеріне және пациенттер арасындағы сенімді өзара әрекет ету жүйесін құру – халықтың медицина көмегімен қанағаттануын қамтамасыз етудің құрастырушысының бірі болып табылады. Медициналық көмек тиімділігіне қол жеткізу мақсатында, маңызды рөл халықтың медицина қызметкерлеріне деген өзара түсінушілікте негізделген сенімді қамтамасыз етуге бөлінеді.
«Коммуникация арқылы пациенттермен дәрігерлер берген нұсқауларлың орындалуын жақсарту және денсаулыққа қатысты тәртіпті өзгерту» курсына қатысушылар алынған білімдеріне, дәріс оқушымен оқу материалдарын ұсынуына риза болды және тренигті оң бағалады.