2018 жылғы 17 сәуірде «ҚЖСЖМ» Қазақстандық медицина университеті «Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М. Аринғазина Вашингтон қ. Дүниежүзілік Банктің High -Level Strategy Session отырысында “The impact of air pollution on health in Central Asia” баяндамасымен сөз сөйледі. AirQuality Asia, US-Asia Institute Президентінің шақыруы бойынша м.ғ.д. А.М. Аринғазина 2018 жылы 17-19 сәуірінде Дүниежүзілік Банкпен ұйымдастырылған Азаматтық қоғамның саяси форумында, қалалардың тұрақты дамуы және ауа сапасы бойынша отырыстарда қатысты. Отырыстар Дүниежүзілік Банк және АҚШ Сенатының ғимаратында өтті.
Вашингтонда сенаторлар, саяси көшбасшылар, сарапшылармен кездесулер өтті, ол жерде климатты жақсарту мақсатында жасыл экономика және қаржыландыру, қалпына келтірілетін энергия, ауа сапасы, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ғаламдық Парламенттік конференция отырысында Қазақстанның атынан Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет мүшесі Еспаева Дания Мадиевна және «ҚЖСЖМ» ҚМУ «Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М. Аринғазина қатысты.