2018 ж. 23 мамырда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде «ҚДСЖМ» ҚМУ Жас ғалымдар кеңесімен ұйымдастырылған магистранттар мен докторанттарға арналған «Ғылым –білімнің ерекше саласы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде «Қоғам денсаулығы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ПОҚ, м.ғ.д. Попова Т.В. және медицина ғылымдарының магистрі Искакова Н.Н. «Диссертациялық зерттеу негіздері» тақырыбына баяндама жасады. 1-жылдық оқу докторанты Жақсылық А.А. «Google Академия іздеу жүйесінде профильді жасау» тақырыбына баяндама ұсынды.